USD
USD
USD

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

Астанада сот Бас прокуратура қызметкері Әсет Жүкеновті көлікті мас күйде жүргізгені үшін кінәлі деп таныды.

мас күйде көлік жүргізу
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ол 29 наурызға қараған түні жұбайының атына тіркелген Cherry Tiggo автокөлігін мас күйде жүргізіп бара жатқан кезінде ұсталған, деп жазады журналист Михаил Козачков.

Өз кезегінде құқық бұзушы кінәсін мойындамаған. Ол ішімдік ішкенін мойындағанымен, көлікпен ешқайда бармағанын айтқан. Оның айтуынша, саябақта серуендеп келгеннен кейін жылыну үшін ғана рөлге отырған, ал көлікті басқа адам жүргізген, бірақ ол сол сәтте бір жаққа кетіп қалған-мыс.

«Алайда хаттамаға тіркелген бейнежазбада көлік жүріп келе жатқаны және рөлде дәл Әсет Жүкеновтің отырғаны анық көрінеді. Полиция ұстанымын сот отырысына қатысқан Астана прокуратурасының қызметкері де қолдады», – деп жазады журналист Telegram-дағы арнасында.

Осыған байланысты сот оны Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша кінәлі деп таныды. Жаза ретінде ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған, бірақ қамауға алынбаған. Өйткені осы Кодекстің 32-бабына сәйкес құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер әкімшілік қамауға алынбайды.

Сот қаулысы апелляциялық сатыдан өтіп, заңды күшіне енді.

Әсет Жүкенов денсаулығына байланысты демалыста болғандықтан, Бас прокуратура әзірге оған жұмыстан шығару немесе сөгіс жариялау сияқты тәртіптік шаралар қолданбаған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан