USD
USD
USD

Астанада LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні тоқтап қалды

Астанада жаңа жеңіл рельсті көлік – LRT іске қосылғаннан кейінгі екінші күні қозғалыс кезінде тоқтап қалды.

.
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Әлеуметтік желіде тұрғындар вагондардың қозғалыссыз тұрған видеоларын жаппай жариялап жатыр.

Компанияның баспасөз қызметі кідірістерге жолаушылардың қауіпсіздік ережелерін бұзуы себеп болғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, кейбір адамдар станциядағы шұғыл тоқтату батырмасын себепсіз басқан, вагон ішіндегі апаттық батырмаларды қосқан және есіктердің жабылуына кедергі келтірген. Сондай-ақ пойыз есігін ішінен өз бетінше ашуға әрекеттенгендер болған.

Компания LRT жүйесі толық автоматтандырылғанын атап өтті. Сондықтан мұндай әрекеттердің барлығы жүйе тарапынан қауіп ретінде қабылданып, қозғалыс автоматты түрде тоқтатылады.

Барлық заңбұзушылық бейнебақылау камераларына тіркеледі. Компания жазбалар полицияға беріліп, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі