USD
USD
USD

Астанада лифтіге өтірік мәйіт кіргізіп, тұрғындарға пранк жасаған блогерлер қамалды

Астанада пранк жасаған блогерлер қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында блогердің екі серіктесімен бірге «хайп» үшін көпқабатты тұрғын үйдің лифтіне жалған мәйітті қойған сәті түсірілген бейнероликті анықтады.

Сол сияқты екінші видеода бір адам лифтіге жүгіріп кіреді, екіншісі жараланған кейіп танытады, ал үшіншісі қолына балта ұстағаған. Олардың әрекеттері лифтіге кірген азаматтарды қатты шошытып, күйзеліске түсуіне себеп болған.

Мұндай «әзілдер» – моральға жат әрі қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттер. Олар қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін. Барлық қатысушы анықталып, ұсталды және жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен бастамашы 30 тәулікке қамалса, қалған екеуіне 15 тәуліктік әкімшілік қамау тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.

«Атыраулық хакер» Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

.