USD
USD
USD

Астанада лифтіде зардап шеккен бес жастағы бала ауыр жағдайда жатыр

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі лифт ішінде бес жасар балаға медициналық бетперде таққан жасөспірім пышақ жарақатын салған.

Астана
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Аталмыш дерекке қатысты Астана қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын хабарлады. Оған шизофрения және атипиялық аутизм диагнозы қойылған.

Оқыс жағдайға қатысты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы да мәлімдеме жасады.

«Бетінен бірнеше жерден жара алған бала жедел-медициналық жәрдем бригадасы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Баланың жағдайын кезекші травматолог және жақ-бет хирургы қарады. Баланың жалпы жағдайы – ауыр. Жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлер оны тексеріп, ота жасады. Хирургтер қан кетуді тоқтату үшін тамырларды байлау процедурасын жүргізді. Жалпы жағдайы ауыр деп бағалануда. Дегенмен, операциядан кейінгі жағдайы тұрақты», – делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Пышақ жарақатын алған кезде 5 жасар бала көзілдірік киіп тұрғандықтан, көздері аман қалған. Алайда баланың бет нервтері қатты зақымданған. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда кәсіпкерлерге криминалдық қысым көрсеткендер ұсталды

Полиция

Ресейде жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары ұсталды

жанжал ресей

Temu маркетплейсінің табысы төмендеді

Temu

Рахмоновтың жұбайы 5 жылға сотталды

Шавкат Рахмоновтың жұбайы