USD
USD
USD

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

Елордада жол-құрылыс жұмыстары басталды. Осыған байланысты көше-жол желісінің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Астана
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметінше, 4 сәуір мен 4 мамыр аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көлік айрығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі. Қозғалыс ішінара шектеледі.

5 сәуір мен маусым айы аралығында Е68 көшесінің А. Бектұров көшесінен Төле би көшесіне дейінгі учаскесінде құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты автокөлік қозғалысы толықтай жабылады.

Б. Соқпақбаев көшесінің Ш. Бейсекова көшесінен К. Күмісбеков көшесіне дейінгі учаскесінде құрылыс жұмыстары жалғасады. Аталған учаскеде көлік қозғалысы 5 сәуірден бастап қараша айына дейін толықтай шектеледі.

«Абайдың 150 жылдығы көшесін Тілендиев даңғылынан Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейін салу» жобасы іске асырыла бастайды. Жоба аясында Бейбарыс Сұлтан көшесінен Сұлукөл көшесіне дейінгі аралық 5 сәуірден 10 қазанға дейін қозғалыс үшін толық жабылады.

Сонымен қатар Кенесары көшесінде А. Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Жұмыстар 5–20 сәуір аралығында кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Қазіргі уақытта М. Тынышбаев көшесінде А. Байтұрсынов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі аралықта да жұмыстар жүргізілуде.

«Толық жабылатын учаскелерде автокөлік қозғалысы баламалы бағыттар арқылы ұйымдастырылады», – делінген хабарламада.

Басқарма өкілдері тұрғындарға автобус бағыты өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

Сергей Филь

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Баспана

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған

Тоқаев, Элиманов

Новороссийск портына шабуыл жасалды: Қазақстан мұнай экспортына зиян келді ме?

Мұнай тасымалы