USD
USD
USD

Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері бір пәтерді екі рет сатқан

Астана прокуратурасы құрылыс компаниясындағы алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Qyran
Фото: novostroy.kz

Астана, NEGE. Компанияның төрт қызметкеріне Qyran тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді екі рет сату арқылы сатып алушыларды алдаған деген айып тағылуда.

Олар «International Invest Company IIC» ЖШС атынан сатып алушыларға пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағада ұсынған. 

«Сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына күдіктілер мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын, кепілге беру туралы келісімдерді, алдын ала шарттарды ресімдеген.

Алданған сатып алушылар күдіктілердің жеке шоттарына ақшаны аудару арқылы және қолма-қол ақшамен төлем жасаған», – деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекеттері салдарынан жәбірленушілерге 8 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Күдіктілердің жалпы сомасы 7,4 млрд теңге болатын жылжымайтын және жылжымалы мүлкіне тыйым салынды.

Төрт күдіктінің үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалып, біреуі кепілмен босатылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек