12 Қаңтар 18:13

Астанада күніне 75-80 бала қызылша жұқтырып жатыр

Қызылша ауруы
Фото: ғаламтордан

Елордада күн сайын 75-80 бала қызылша инфекциясын жұқтырып ауруханаға түсіп жатыр. Оның дені – балалар. Бұл туралы қалалық №3 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары Роза Өтегенова мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Астана, NEGE. «Біздің ауруханаға қызылша инфекциясымен күніне 75-80-ге жуық бала түсуде. Оның 30-35%-ы стационарлық, қалғаны амбулаториялық ем алып жатыр. Қызылша жұқтырғандардың көбісі 7 жасқа дейінгі балалар. 10-15% ғана 7 жастан асқандар және 17% 1 жасқа толмаған сәбилер», - деді Роза Өтегенова Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, маман қызылшаны жұқтырудың бірнеше себебін атады.

«Мысалы, балабақшадан жұқтырып келуі мүмкін, сосын оны үйдегі балаларға жұқтыру қаупі бар. Қызылша жұқпалы және оның таралуы жоғары (100%). Сондықтан уақытында екпе алған абзал», - дейді ол.