USD
USD
USD

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Астанада бір жасар баланың туберкулезді қайдан жұқтырғанын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Аурухана
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұған дейін Threads желісіндегі jazeera_makeuphair есімді қолданушы бір жасар жиенінің туберкулезге шалдыққанын жазған. Оның айтуынша, диагноз компьютерлік томографиядан кейін расталған.

Отбасы нәресте туберкулезді қалалық №1 балалар ауруханасының медбикесінен жұқтыруы мүмкін деп есептейді.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы жағдай бойынша баланың туберкулезге шалдығу дерегін тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

«Комиссия құрамына басқарманың штаттан тыс бас мамандары – педиатр, фтизиатр, пульмонолог, сәулелік және функционалдық диагностика маманы кірді. Сондай-ақ комиссия жұмысына Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы мен Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тартылады. Тиісті жұмыс басталды», – делінген хабарламада.

Сәуір айында қалалық №1 балалар ауруханасының бір медбикесінен туберкулез анықталған еді. Медбике соңғы рет 24 сәуірде жұмысқа шыққан.

Бұған дейін ол ақпан айында жоспарлы флюорографиядан өткен. Тексеру кезінде ауру белгісі анықталмағандықтан, жұмысын жалғастыруға рұқсат берілген.

Медбикеден туберкулез анықталғаннан кейін онымен соңғы үш айда қарым-қатынаста болған адамдар тексерілді. Қайта тексерілген 39 қызметкердің ешқайсысынан ауру анықталмаған.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу