Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада қоян-қолтық ұрыстан III республикалық турнир өтті

Астанада қоян-қолтық ұрыстан III республикалық турнир өтті.

Спорт
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бәсеке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 10 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Жарысқа еліміздің құқық қорғау, күштік және арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер қатысты.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов турнирдің финалдық жекпе-жектерін тамашалап, жеңімпаздарды марапаттады.

«Мұндай турнирлер қызметкерлердің физикалық шеберлігін шыңдап қана қоймай, батыл әрі мықты болуға тәрбиелейді. Бұл, өз кезегінде, дені сау ұлт қалыптастыруда және қызметкерлер арасында спортты насихаттауда маңызды қадам. Спорт адамдарды ұйымшылдыққа ұйыстырып, тәртіпті дәріптейді. Тәртіп – табысты қызмет пен берекелі өмірдің кепілі», - деді министр Ербол Мырзабосынов.

Турнирге Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігінің командалары қатысты.

Жарыс елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылды. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок және медальмен марапатталды.

Қазір оқып жатыр

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея

Үй жануарын асырай алмайтын жағдайда, иесі оған жаңа орын тауып беруге міндеттелмек

Ит

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық