Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды

Астанада көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Астанада ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитетінің үйлестіруімен жергілікті рейдтер жүргізілді. Оларға көші-қон қызметінің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, арнайы жасақ сарбаздары, сондай-ақ экстремизмге қарсы күрес және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тартылды.

Полицейлер шетелдіктердің заңсыз жүруі мүмкін орындарда, пәтерлерде, жатақханаларда, құрылыс алаңдарында, демалыс орындарында, өндірістік аймақтарда, экополигонда, базарларда рейд жүргізді. Жұмыс күні ішінде 119 шетелдіктің заң бұзғаны анықталды. Оның ішінде 58-і елде болу мерзімін бұзған, 61-і заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған. Сондай-ақ 13 шетелдіктердің елде болуы туралы уақытылы хабарламай 6 шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатсыз заңсыз пайдаланған 19 қазақстандық анықталды. 33 шетелдік жеке басын анықтау мақсатында қабылдап-тарату орнына орналастырылды.

Сонымен қатар бұған қоса жедел бөлімшелер шетелдіктердің интимдік қызмет көрсетуінің 5 фактісін анықтады. Мәселен Африка құрлығының 2 азаматы пәтер жалдап, массаж қызметін ұйымдастырғаны белгілі болған. Осы фактіге сүйене отырып, шетелдіктерді 5 жылға шектеумен елден шығару мәселесі шешілуде. Қалдықтарды қайта өңдеу зауытының аумағында жүргізілген рейдтер барысында жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Өзбекстан Республикасының 37 азаматы анықталды.

24 шетелдік азамат жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату пунктіне орналастырылып, 13-не заңсыз еңбек қызметі үшін әкімшілік материалдар толтырылды.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат