USD
USD
USD

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығы Ербол Махметовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Ербол Махметов
Фото: Астана қаласының коммуникациялар қызметі

Астана, NEGE. Сондай-ақ оның бұрынғы орынбасары Әлия Мақаеваға қатысты қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін екені айтылды. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Махметовке қатысы сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады. Алайда Комитет өкілдері Махметовтің Мақаеваға қатысты қылмыстық іске қатысы бар-жоғын және оның қай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтыламады.

«Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқаратын Әлия Мақаеваның ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, полиция полковнигі заңсыз көші-қон ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Ал ҰҚК Мақаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама