Астанада көршісінің үйіне түскен ұры ұсталды
Астанада көршісінің үйіне түскен ұры ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы шетел азаматын анықтады.
Тергеу барысында ер адамның елордада пәтер жалдап тұратыны белгілі болды. Таңертеңгілік уақытта ол көршісінің итін серуендеуге алып шығып бара жатқанын және пәтерінің есігін жабуды ұмытып кеткенін байқайды. Қолайлы сәтті пайдаланған ер адам үйге кіріп, сөреде тұрған Redmi Note 10 телефонын жасырын алып кеткен. Таңғы серуеннен келген жәбірленуші гаджетінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген.
Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, заттай дәлелдеме тәркіленді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Қазір оқып жатыр
Алматы жүргізуші куәлігінен айыру туралы талап-арыздар саны бойынша көш бастады
Алғашқы дебаттың фавориті анықталды: саяси партиялардың алғашқы пікірсайысы қалай өтті?
1 тамыздан бастап Tarlan Astana желісінде тарифтер жүйесі енгізіледі
Балқаш көліне көлікпен кірген Mercedes-Benz жүргізушісі 10 тәулікке қамалды