USD
USD
USD

Астанада қорқор сатқандарға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

Елорданың Байқоңыр ауданында кальян барына ауқымды рейд жүргізілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Кальян
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Бір түнгі аралау барысында 5 тұлғаға 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Байқоңыр ауданында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 441-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік шаралар жалғасуда.

Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянды тұтыну бойынша барлығы 54 факті анықталған.

Рейдтік іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде құқық қорғау органдары қала тұрғындарының шағымдарын ескеріп, аталған аумақтарда құқық бұзушылықтарға талдау жүргізгені атап өтілді. Полиция мұндай рейдтер демалыс және мереке күндері күшейе отырып, тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.

Еске салайық, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Тиісті талап бұзылса, кальян шегетіндерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Қазір оқып жатыр

Діни маркетинг: қасиетті құндылық пен коммерцияның арасы қайда?

Діни маркетинг

Алматыда тұрғын үй кешенінде шыққан өрт кезінде әйел адам көз жұмды

Алматыдағы өрт

Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары келесі жылға шегерілді

мұнай-өңдеу зауыты

Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады

Сайлау туралы заң