30 Тамыз 15:12
...

Астанада Конституция күніне арналған концерт өтті

Астана
Фото: NEGE

30 тамыз күні Астанада Сарыарқа ауданы әкімдігі мен аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шараға аудан тұрғындары, ардагерлер, жастар және мәдениет қайраткерлері қатысты.

АСТАНА, NEGE. Шараға 60-тан астам ардагер қатысты. Көрермендерге түрлі этно-мәдени орталықтар мен шығармашылық ұжымдар өз өнерін ұсынып, патриоттық әндер мен би нөмірлерін орындады. Концерт қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, Конституция күнінің қоғамдағы маңызын айшықтады.

Астана
Фото: NEGE

Атап айтқанда, «Шаңырақ» әжелер ансамблі, Беларусь этно-мәдени орталығының «Радима» ансамблі, «Камажай» би тобы, «Веселка» ансамблі және «Радуга» орыс әндері ансамблі әсем әндері мен билерін тарту етті.

Концерт қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, Конституция күнінің қоғамдағы орны мен маңызын айшықтай түсті.

Астана
Фото: NEGE

Бағдарлама барысында Нұрболат Бекетаев жетекшілік ететін «Дэнс» би тобы, Роза Набиулина, «Дуслык» халық ансамблі, «Ялкын» тобы және тағы да басқа өнер ұжымдары сахнаға шықты. Ән мен биден өрілген мерекелік кеш қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

«Бұл мерекелік шара Конституцияның қоғамдағы маңызын айшықтап, қала тұрғындары мен қонақтарына шаттық сыйлады.