USD
USD
USD

Астанада қонақ үйдің кассасынан 1 млн теңгеден аса ақша ұрланған

Астанада күзетшісі ұйықтап жатқан қонақ үйдің кассасынан 1 млн теңгеге жуық ақша ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қонақ үй кассасынан 1 млн 52 мың теңге ұрлады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Белгілі болғаны, ер адам түнгі уақытта оңай олжа іздеп жүріп, есігі ашық қонақ үйді байқаған. Күдікті ішке кіргенде күзетші мен әкімшінің ұйықтап жатқанын көріп, кассадан қомақты сомада қолма-қол ақша оралған пакетті жасырын алып кеткен. Ұрланған ақшаның жартысын ол өз керегіне жаратып үлгерген.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Сондай-ақ оның елорда аумағында жасалған ұрлықтың тағы екі фактісіне қатысы бары анықталды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай