Астанада «Koktal Run» марафоны өтеді
Астанада Республика күніне орай Сарыарқа ауданында «Koktal Run» жүгіру марафоны өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алматы, NEGE. 19 қазан «Koktal Run» жүгіру марафоны ұйымдастырылады. Оған жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алады.
Жүгіру қашықтығы:
1. Балалар (14 жасқа дейінгі ұлдар): 2 км;
2. Балалар (14 жасқа дейінгі қыздар): 1 км;
3. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі ерлер): 5 км;
4. Ересектер (18-49 жасқа дейінгі әйелдер):
5 км. 5. 50 жастан асқан ерлер/әйелдер (5 км қашықтық);
Қатысушылар саны – 500 адам.
Күні: 19.10.2024, сағ. 09:00, марафонға тіркеу: 14-18 қазан.
Өтетін орны: «Көктал» саябағы, Бейбарыс көшесі.
Марафон соңында балалар мен ересектер арасында 1-2-3 орындарға қатысушылар марапатталады. Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болады.
Қазір оқып жатыр
Әр облыс жастар ипотекасы үшін бюджетінен 1 млрд теңге бөлу керек – «Әділет» кандидаты нақты ұсыныс айтты
Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады
Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды
Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ