USD
USD
USD

Астанада қыз баланың үстіне құрылыс қоршауы құлады

Оқиға Астананың Нұра ауданындағы құрылыс нысанының маңында болған. Жарақат алған қыз балаға медициналық көмек көрсетілген.

Астанада баланың үстіне құлаған қаңылтыр
Фото: threads.com/valena8602

Астана, NEGE. Бұл туралы желі қолданушысы Валентина Бородихина хабарлады.

Оның айтуынша, аудан тұрғындары бұған дейін бірнеше рет әкімдікке жүгініп, аумақты абаттандыруды өтінген.

«Нұра ауданында баланың үстіне профильді қаңылтыр құлап кетті. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары ауданның көркейтілуін сұрап, әкімдікке бірнеше рет жазған, өйткені айнала лай-баптақ болғандықтан, адамдар аялдамаға қоршаудың бойымен, көлік жүретін жолмен барады. Барлық жерде құрылыс жүріп жатыр, жер қазылған, үш жылдан бері өмір сүруге қажетті қарапайым жағдай жоқ. Сөзге құлақ асуы үшін осындай жағдайларға дейін жеткізу керек пе еді?!» – деп жазды ол Threads желісінде.

Нұра ауданының полиция басқармасы құрылыс нысаны аумағын тиісті деңгейде ұстамағаны үшін мердігер ұйымның жауапты өкілі – учаске бастығы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Полиция мәліметінше, жарақат алған қыз балаға қажетті медициналық көмек көрсетілгенін, қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екенін атап өтті.

Құқық қорғау органдары құрылыс компаниялары мен жауапты тұлғаларды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, нысандарға іргелес аумақтарды тиісті деңгейде ұстауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай