USD
USD
USD

Астанада қорқор шеккендерге 700 мың теңге айыппұл салынды

Астанада кальян барына ауқымды рейд жүргізілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

қ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түнгі аралау барысында 12 жеке тұлғаға және 3 ойын-сауық иесіне 700 мың теңгеден аса көлемде айыппұл салынды.

Байқоңыр ауданында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорды тұтыну фактілерінің алдын алу және жолын кесу бойынша рейдтік шаралар жалғасуда.

Жыл басынан бері Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорды тұтыну бойынша барлығы 49 факті анықталған. Қорқор шегетіндерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы бойынша айыппұл салынды.

Айта кетейік, қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Заң бұзғандарға 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу