USD
USD
USD

Астанада кальян шегуге рұқсат берген дәмхана иесі жауапқа тартылды

Байқоңыр және Алматы аудандарында учаскелік инспекторлар 50-ден астам жерде рұқсат етілмеген орындарда кальян шегу фактілерін анықтады.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Кальян қоспасын арнайы белгіленбеген жерлерде шеккені үшін құқық бұзушыларға әкімшілік хаттама толтырылып, оларға он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Мысалы Байқоңыр ауданында полиция қызметкерлері тексеріс кезінде бір келушінің жалпы залда кальян шегіп отырғанын анықтады. Осы заң бұзушылыққа жол бергені үшін дәмхана әкімшісі жауапкершілікке тартылды.

16 қыркүйектен бастап елордада “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара басталғалы бері 11 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың арасында 243 ұсақ бұзақылық фактісі, 1 мыңға жуық қоғамдық орындарды ластау жағдайлары анықталды.

Сондай-ақ 1200-ден астам азамат алкогольдік ішімдікті қоғамдық орындарда ішкені немесе мас күйінде жүргені үшін жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ