USD
USD
USD

Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды

Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Елордада «Қылмысты тоқтату» жедел-алдын алу шарасы барысында халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматы қолға түсті.

35 жастағы әйел адам Ресейде полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, кейін елден қашып кеткен. Осы оқиғаға байланысты қараша айында оған халықаралық іздеу жарияланған.

Күдікті Қазақстанға жұмыс іздеп келген. Полицейлер оны тұрғын үйлерді тексеру кезінде анықтап, дереу ұстады.

Қазіргі уақытта күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол экстрадициялау туралы шешім шыққанға дейін сол жерде болады. Жақын күндері әйел Ресей Федерациясының қылмыстық іздеу органдарына тапсырылатын болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала