USD
USD
USD

Астанада халықаралық іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

Астанада халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Елордада жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алаяқтық жасады деп айыпталған 36 жастағы ер адам қолға түсті. Белгілі болғандай, ол 2022 жылдың қыркүйек айында Ташкент қаласында жергілікті тұрғынды Chevrolet Lacetti автокөлігін алып беремін деп алдап, 12 мың АҚШ долларын иемденген.

Алаяқ өз қажетіне жұмсап жіберген ақшалай қаражатты қайтармай, қылмыстық жауапкершіліктен жасырыну үшін Қазақстан аумағында бой тасалаған. 2023 жылдың мамыр айында Ташкент қаласының ішкі істер департаменті күдіктіні халықаралық іздеуге жариялап, сот бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу туралы шешім шығарған.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Төрехан Сабырхан 12 жылдан кейін Азиадада Қазақстанға бокстан алтын әкелді

Төрехан Сабырхан

Ертісбаевты еске алғым келмейді – Магеррамов

Магеррам Магеррамов

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер