Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада фишингтік хабарлама таратумен айналысқан топ мүшелері қамауға алынды

Астанада ел тұрғындарының дербес деректері мен қаражатын иемдену мақсатында фишингтік хабарламаларды жаппай таратумен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Күдіктілер төрт күн ішінде белгілі компаниялардың атынан 150 мың фишингтік хабарлама жіберіп үлгерген.

Кісен
Фото: shutterstock.com

Астана, NEGE. Астана прокуратурасының хабарлауынша, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінің азаматы ақшалай сыйақыға Қазақстан аумағында заңсыз қызмет ұйымдастыру үшін жергілікті тұрғынды тартқан. Қылмыстық схемаға жабдықтың жұмысын қамтамасыз еткен басқа да адамдар тартылған.

«Төрт күн ішінде Beeline, Kcell және Activ операторларының абоненттеріне белгілі компаниялардың атынан бонустарды айырбастау туралы ұсыныстармен шамамен 150 мың фишингтік SMS-хабарлама жіберілген. Сілтемеге өткен кезде пайдаланушылар жалған сайтқа бағытталып, онда олардан дербес және банктік деректерін, оның ішінде төлем карталарының деректемелерін, CVV кодын және SMS арқылы жіберілген растау кодын енгізу талап етілген. Қаскөйлер азаматтардың құпия ақпаратына және олардың банктік қаражатына қол жеткізген», – деп хабарлады прокуратура өкілдері.

Ведомство мәліметінше, құқық бұзушылар SMS-бластер құрылғысын пайдаланған. Осылайша ұялы байланыс базалық станциясының жұмысын имитациялап, операторлардың сүзгілеу жүйелерін айналып өтіп, хабарламаларды жаппай таратуға мүмкіндік алған. SMS-бластерді Қаржы мониторингі агенттігі тәркілеп, сараптамаға жіберген.

«Жүргізілген сараптама нәтижесінде аталған құрылғы жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған арнайы техникалық құрал екені анықталды», – делінген хабарламада.

Нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 399-бабының 2-бөлігі, яғни «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды заңсыз дайындау, өндіру, сатып алу, өткізу немесе пайдалану» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Төрт күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Сыртқы саясат тұжырымдамасынан Назарбаевтың өмір бойғы құқығын алып тастады

Назарбаев

ШҚО-да қос азаматтық үшін 35 адам жауапқа тартылды

қос азаматтық

Грузия алғаш рет Қазақстаннан 3,2 млн долларға мұнай сатып алды

Мұнай

Ақмола облысында көкпар кезінде көз жұмған баланың туыстары шағымын жеткізді

Дінмұхаммет