USD
USD
USD

Астанада Ferma Family Fest жобасы өтіп жатыр

Сарыарқа орталығында ауыл шаруашылығын танымал ету, экологиялық мәдениетті ілгерілету және фермерлерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған ауқымды отбасылық іс-шара өтуде

Астана
Фото: AGROPRESS

Астана, NEGE. 

Әлеуметтік маңызы бар жоба фермерлерді, сарапшыларды, жастар мен балаларды біріктіру мақсатында өткізілді.

Фестивальдің миссиясы — ауыл шаруашылығын беделді әрі болашағы бар сала ретінде дәріптеу арқылы аграрлық Қазақстанды қайта жаңғырту, фермерлерді қолдау және табиғи өнімдерді саналы түрде тұтыну мәдениетін дамыту.

Фестивальге жалпы саны 5000-нан астам қонақ, оның ішінде ірі компания өкілдері, фермерлер, елорда тұрғындары қатысуда. Бұл шара халықаралық SlowFood қозғалысының қолдауына ие.

Фестиваль аясында фермерлер мен сарапшылардың ерекше шеберлік сабақтары өтуде. Олар ірімшік жасау, гүл өсіру, жылыжай шаруашылығы, дұрыс тамақтану мен экологияға қатысты дәрістерді қамтиды. Қонақтарға қатысушылар ауыл шаруашылығы, көшпенділер тарихы, ұлттық тағамдар мен олардың пайдасы туралы баяндап берді.

Мұнда Қазақстанның үздік фермерлері мен табиғи өнім өндірушілерінің тауарлары, аспаздық шоулар, балаларға арналған конкурстар мен интерактивтер, тақырыптық фотозоналар мен этникалық қойылымдар ұсынылған.

Фестиваль аясында 7-11 сынып оқушылары арасында жылыжай қызметін ұйымдастыру бойынша республикалық зерттеу жобаларының байқауы өтуде.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Мұханов Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды

ТЖМ

Премьер-министрдің орынбасарлары мен кей министрлер өз орнында қалды

қол қою

Сәтпаев Англияда алғаш рет матчтың үздік ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев

Қазақстан «Росатом» компаниясымен алғашқы АЭС-ті салу туралы келісімшартқа қол қойды

АЭС салу туралы келісімшарт