Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада фельдшерге қол көтерген азамат 1,5 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша К.-ға қатысты үкім шығарды.

сот
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. 2025 жылғы 29 қаңтарда Астанада жедел жәрдем фельдшері қызметтік міндетін атқарып жүрген кезде, үйдің жанында бір азаматпен жанжалдасып қалған. Сол кезде сотталушы К. фельдшерге қол көтеріп, оның басына зақым келтірген. Салдарынан фельдшер жабық бас-ми жарақатын алып, орташа ауырлықтағы дене жарақатын алды.

Сот процесінде К. кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Прокурор оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасын сұраса, жәбірленуші 3 жыл шектеуді және келтірілген материалдық шығынды өтеуді талап етті.

— Сот К.-ны кінәлі деп танып, жеңілдететін жағдайлар ретінде оның кінәсін мойындауын, өкінішін және жас баласының бар екенін ескеріп, 1 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, келтірілген материалдық шығынды өтеу міндеттелді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, — делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық