USD
USD
USD

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде алған жарақаттан көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Судья Меруерт Абаева МИБ басшысы Сәуле Жұбаниязованың үстінен қозғалған қылмыстық істі басқа іске қосу мәселесін шешу үшін прокурорға жолдау туралы қаулы шығарды.

 Меруерт Абаева
Фото: Жоғарғы сот/youtube.com

Астана, NEGE. Сот отырысында марқұм Ұлдана Мырзуанның анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбек Сәуле Жұбаниязоваға қатысты қылмыстық істі прокурорға жолдап, басқа қылмыстық іспен біріктіру туралы өтініш білдірді.

Судья жәбірленуші тараптың өтінішін қанағаттандырды. Бұған үйді салған құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық істі тоқтатуды заңсыз деп таныған тергеу сотының шешімі себеп болды.

Бұған қоса сот құрылыс-техникалық сараптама қорытындысын да ескерген.

«Бұл істі тек МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязованың әрекетіне баға беру арқылы ғана қарауға болмайды. Құрылыс-техникалық сараптама қорытындысына сәйкес, ғимараттың құлауына бірнеше себеп әсер етуі мүмкін. Олардың қатарында құрылыс конструкцияларындағы кемшіліктер мен құрылыс технологиясының бұзылуы бар», – деді судья.

Оның айтуынша, апатқа әкелуі мүмкін жағдайға қатысы бар барлық тұлғаның әрекетіне тиісті құқықтық баға берілуі керек.

Осыған байланысты сот ғимараттың құлау мән-жайы барлық қатысы бар тұлғалардың әрекетін анықтап, оған құқықтық баға бере отырып, кешенді түрде тергелуі қажет деген қорытындыға келген. Сондықтан істі тек Сәуле Жұбаниязоваға қатысты жеке қарау әзірге ерте деп танылды.

Бұған қоса судья бұл қаулымен Жұбаниязованың немесе басқа тұлғалардың кінәсі туралы мәселе әлі шешіле қоймағанын атап өтті. 

Айта кетейік, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы көпқабатты үйдің қасбеті опырылып, бес адам зардап шеккен болатын. Оқиға орнына көмекке келген 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Алайда медицина қызметкері алған жарақатынан 18 қарашада қайтыс болды.

Қылмыстық іс бойынша МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязова сотта айыпталушы ретінде жауап берді. Ол сыртқы қаптамасы опырылып түскен үйді басқарған. Сотта Жұбаниязова өз кінәсін мойындамады.

Сот-құрылыс-техникалық сараптамасына рецензия жасаған сарапшы Вероника Лобаеваның айтуынша, қасбеті опырылған тоғыз қабатты үйді салу үшін бес қабатты ғимаратқа арналған конструктивтік шешім қолданылған.

Қазір оқып жатыр

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар

Алматыда сүт безі обыры диагнозымен жиырмаға жуық ер адам есепте тұр – онколог

Дәрігер мен науқас

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова