USD
USD
USD

Астанада ет өнімдерін сатуға көмектесемін деп жеткізушілерді алдаған ер адам ұсталды

Астана қаласының полицейлері бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Астанада ер адам ет өнімдерін сатуға көмектесемін деп жеткізушілерді алдаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында “Байқоңыр” ауданының полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды анықтады. Қаскүнем ірі қара малын сатуға көмек ұсынып, ет жеткізушілерді алдағаны анықталды. Мал сатып алу сылтауымен ол жәбірленушінің 1 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.

Қазіргі уақытта полицияға 37 азамат арызбен жүгінген, бірақ зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін. Алаяқтық жасады деген күдікті кінәсін мойындады және қамауға алынды. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Полиция атап өткендей, бұл қылмыс үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған