USD
USD
USD

Астанада ер адамнан ірі көлемде кокаин тәркіленді

Елордада полиция қызметкерлері ер адамнан ірі көлемде кокаин тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петров көшесінің бойында Haval автокөлігінің жүргізушісін ұстады, тінту барысында оның күртесінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді заты бар полиэтиленді 30 орама табылып, тәркіленді.

Көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары осындай тағы 76 ораманы тапты. 33 жастағы ер адам интернет-дүкенде есірткіні орап, жинап және таратумен айналысқанын мойындады.

Күдіктінің тұрғылықты жерінде қоқыс контейнерінің жанынан есірткі заттарын жасырған орын анықталды. Үлкен сөмкенің ішінен таразылар, ZipLock қалташалары, жабысқақ таспа мен есірткі табылды.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес тәркіленген есірткі салмағы 43,23 грамм кокаин, 600 грамм мефедрон, 100 грамм альфа- PVP екені анықталды.

Аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер