USD
USD
USD

Астанада ер адам танысының ақшасын онлайн казиноға салып жіберген

Астанада ер адам танысының ақшасын онлайн казиноға салып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

ер адам танысының ақшасын онлайн казиноға салып жіберген
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Полицияға 59 жастағы жергілікті тұрғын арыз беріп, танысының алаяқтық жолмен 4 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырғанын айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, ол бейтаныс ер адаммен танысып, екеуі алкогольдік ішімдік ішіп отырған кезде ол алдап, телефонын алып кеткен. Содан кейін күдікті онлайн казино есепшотына жәбірленушінің депозитінен 2,3 млн теңгеге жуық ақша аударып жіберген.

Бұған қоса, ол тағы да бірнеше күннің ішінде қаражатты иемденіп, банктің мобильді қосымшасын пайдалана отырып, тауарлық несие рәсімдеп, жалпы сомасы 2 миллион теңгеге жуық залал келтірген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері ақша жымқырумен айналысты деген күдікпен 33 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын анықтаған.

Қылмысты жасағанын мойындаған ер адамның бұрын елордада жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

TikTok арқылы диван сатпақ болған әйел 2,5 жылға сотталды

алаяқтық

КҚК теңіз терминалында мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды

танкерлерге шабуыл

Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі атанды

Энди Бернем

Павлодар облысы Жоламан ауылында кәріз құдығында алты адам қаза тапты

кәріз құдығы