Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Астанада ер адам өзінің бұрынғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен

Астанада қызметкер өзінің бұрыңғы жұмыс орнына ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана ұрлық
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE.  Астана қаласы ПД Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 18 жастағы жігітті анықтады. Елорда тұрғыны полицияға жүгініп, белгісіз біреу түнгі уақытта Алматы ауданында орналасқан кафеден ұрлық жасағанын айтып арызданған. Тергеу барысында күдіктінің сағат 23:45 шамасында пластикалық терезені бұзу арқылы кафеге кіріп, кассаны және қызметтік телефонды алып шыққаны белгілі болды.

Анықталғандай жас жігіт аталған мекемеде бұрын жұмыс істегендіктен кассаны алып шығу қиынға соқпаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 160 мың теңге.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында көкпар кезінде көз жұмған баланың туыстары шағымын жеткізді

Дінмұхаммет

Оңтүстікте өрт кезінде оқ-дәрі жарылды

Арыс

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов