USD
USD
USD

Астанада ер адам Министрліктер үйін өртемек болды (видео)

Астанада Министрліктер үйіне өрт қоймақ болған ер адам ұсталды.

Астана
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиға бүгін болған. Ер адам турникетке тұтанғыш зат лақтырып жіберген.

Салдарынан 2 шаршы метр аумақта өрт тұтанған. Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ.

Полиция осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы ер адамды ұстады.

«Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт қойған 24 жастағы азаматтың жеке басы анықталып, оны полицейлер ұстады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтар отбасымен құдандалы болған экс-премьер түрмеден үйқамаққа ауысты

Наджиб Разак

«Күйеуім сектаның ықпалынан шыға алмай жүр»: Нұртас Адамбайдың жұбайы дабыл қақты

Нұртас Адамбай мен жары Ғалия

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу