USD
USD
USD

Астанада ер адам досының үйіне қонаққа барып, телефонын ұрлап кеткен

Астанада ер адам досының үйіне қонаққа барып, телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұялы телефон ұрлады
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 39 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында ер адамның досына қонаққа барғаны белгілі болған.

Бірлескен бас қосудан кейін үйіне қайтуға дайындалып жатқанда, қаскүнем шыға беріс дәлізде Samsung телефонының зарядталып жатқанын байқады. Осы сәтті пайдаланып, күдікті азамат гаджетті алып кеткен.

Қонақ кеткен соң әйел телефонының жоғалғанын біліп, полицияға хабарласқан.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс