USD
USD
USD

Астанада ер адам 11 жастағы қызға тиіскені үшін қамауға алынды

Іс Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Күдікті
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Оқиға 11 ақпан күні болған. Сот ер адамның тұрғын үй кіреберісінің бірінші қабатында және жеделсатының ішінде 2014 жылы туған қызға тиіскенін анықтады.

Сот дерегінше, кіреберістің бірінші қабатында кәмелетке толмаған қыз жеделсатыны күтіп тұрғанда, бір ер адам қасына келіп, өзін беймаза күйде ұстаған. Қыз жеделсатыға бірінші болып кіріп, бұрышқа таяу тұрған. Әлгі ер адам қызды айналып өтіп, сөмкесін қысып, артына тым жақын тұрып алған. Сол кезде қыздың сөмкесі иығынан түсіп кеткен. Қыз бұрылған кезде ол лифттен шығып кеткен.

Сотта ер адам неге мұндай әрекетке барғанын түсіндірмеді.

«Ұсынылған дәлелдерді бағалай отырып, сот Б.-ның кәмелетке толмаған қыздың артына әдейі тұрып, оның жеке кеңістігі мен тыныштығын бұзды деген қорытындыға келді», – делінген сот хабарламасында.

Сот ер адамды ұсақ бұзақылық бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Табыс

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Күдікті

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Сарбаз

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтынан 921 млн теңге өндірілді

ҚазҚСҒЗИ