USD
USD
USD

Астанада «Eolus» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы бас бостандығынан айырылды

Астанадағы «Eolus» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық пирамида
Фото: ҚМА

Алматы, NEGE. Оның 2023 жылы АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу желеуімен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында кеңсе жалдап, «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ны тіркегені анықталды.

Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылды және есепке алу мен қайта бөлу үшін шетелдік хакерлер жасаған «energyeolus.info» платформасында көрсетілді.

Астанада ақшасын салған 535 адам тартылды.

Сот шешімімен 187 млн теңгеге тең 408 мың USDt көлеміндегі криптовалюта мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, оған мүлкі тәркіленіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Астанада ғимарат қасбетіндегі кондиционерлерді жасыру міндеттелмек

Астананың код-дизайны

Қостанайда ернін үлкейткісі келген әйел ота жасаған маманды сотқа берді

ерін үлкейту

Wildberries қоймаларындағы өрт қазақстандықтарға қалай әсер етеді

Интернет дүкені

Балаева «Ахуал сегодня» YouTube авторының ұсталуына қатысты пікір білдірді

Аида Балаева