USD
USD
USD

Астанада дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтеді

22 маусым күні Астанада дзюдодан Данияр Макишевті еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтеді.

Дзюдо
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Аталған додаға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусь және Өзбекстаннан 150-ге жуық дзюдошы қатысады деп күтілуде.

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады. І орын алған спортшы - 500$, екінші орынға ие болған спортшы - 350$, ал үшінші орынға ие болған жүлдегер 200$ АҚШ долларына иелік етеді.

Жарыс 20 жасқа дейінгі жастар арасында 7 салмақ дәрежесінде өтеді. Ұлдар 60, 66, 73, 81, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.

Данияр Макишевті еске алуға арналған халықаралық турнир Kazakhstan Judo Team YouTube арнасынан тікелей трансляцияланады.

Айта кетерлігі, бұл жарыс Қазақстан жастар ұлттық құрама командасының әлем чемпионаты алдындағы дайындық додасы болып саналады.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов