USD
USD
USD

Астанада Дженнифер Лопестің концерті кезінде шаттл-маршруттар іске қосылады

Елордада 1 тамыз күні әлемге танымал америкалық әнші Jennifer Lopez-дің концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлығы жетуі және көлік кептелісін азайту мақсатында осы күні арнайы шаттл-маршруттар қатынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап қатынап, жолаушыларды қаланың бес нүктесінен «Астана Арена» стадионына жеткізеді және концерт аяқталғаннан кейін қайта алып кетеді.

Шаттл бағыттары:

• Астаналық цирк автотұрағы;

• «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;

• «QAZAQSTAN» спорт кешенінің автотұрағы;

• Орталық саябақ (Тұран даңғылы жағынан) автотұрағы;

• «Бас мешіт» автотұрағы.

Шаттл автобустар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды.

Кептеліс пен автотұрақтағы қиындықтардың алдын алу үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен, таксимен немесе арнайы шаттл автобустарымен қатынағаны жөн.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек