USD
USD
USD

Астанада дүкеннен иіс су ұрлаған күдікті ұсталды

Астанада полиция дүкеннен иіс су ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Елордалық полицейлер косметика және парфюмерия дүкенінен иіс су ұрлаған ер адамды анықтады. Сауда орталығының өкілі полицияға жүгініп, ұрлық туралы арыз қалдырған.

Белгілі болғандай, күдікті витринадағы тауарды қарап, сатушының аңғармауын пайдаланып, әтір құтыны иемденіп, дүкеннен жасырынып шығып кеткен.

Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 48 жастағы ер адамды күдікті ретінде құрықтады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол кінәсін мойындап, заттай дәлелдемелер тәркіленді, сонымен қатар елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы да тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек