USD
USD
USD

Астанада дүкендердің бірінен смарт сағат ұрлаған жасөспірім анықталды

Елордада дүкендердің бірінен смарт сағат ұрлаған жасөспірім қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

сағат ұрлаған жасөспірім
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Астана қаласы Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 18 жастағы азаматты анықтады. Тергеу барысында жас жігіттің кешкі уақытта оң жақ жағалауда орналасқан гаджеттер сататын дүкенге келгені белгілі болды.

Сатып алушы кейпінде тауарларды қарап жүріп, сатушының басқа клиентке қызмет көрсетіп жатқан сәтін пайдаланған ер адам гаджеттер тұрған сөреден құны 139 мың теңге тұратын Apple Watch SE смарт сағатын алып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ жігіттің елорда аумағында жасалған тағы бір ұрлық фактісіне қатысы бары белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.