USD
USD
USD

Астанада досын құтқаруға дер кезінде көмек шақырған 7 жасар бала марапатталды

Астанада досын құтқаруға дер кезінде көмек шақырған 7 жасар бала марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Пусь Дархан
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген 7 жастағы Пусь Дархан атты балаға ризашылығын білдіріп, марапатын ұсынды. Сондай-ақ суға батып бара жатқан баланы құтқарған батырлардың бірі балықшы Абдужапбар Абдураимовқа да бағалы сыйлық "қол сағатыә табыс етілді.

Бұл оқиға бойынша "102" жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген. Анықталғандай, түскі астан кейін 7 жастағы бала құрбысымен жағалау бойымен серуендеуге барып, олар ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен.

Жақын жерде балықшыларды көрген бала оларға жүгіріп барып, болған жағдайды айтып көмек сұраған. Әп-сәтте суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жеткен. Көмекке келген ағалардың жедел жасаған әрекетінің арқасында, құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған. 

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы.

Қазір оқып жатыр

Жол апатына себеп болған Zeekr жүргізушісі мас болған – ІІМ

.

Бектенов Түркістан облысында бұлақ көзін тазартып, ағаш отырғызды

Олжас Бектенов

Сәуірде зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегі өсуі мүмкін

Ақша

10 мың теңгелік ескі банкноттарға қатысты жағымды жаңалық айтылды

Ақша