USD
USD
USD

Астанада дәмханаға жұмысқа орналасуға келген ер адам телефон ұрлап кеткен

Астанада дәмханаға жұмысқа орналасуға келген ер адам телефон ұрлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоңырау
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінде ұрлық фактісі тіркелді. Дәмхана қызметкері бірнеше минутқа кабинеттен шығып кеткен кезде, өзінің жеке мүлкінің жоғалғанын байқаған.

Криминалдық полицияның жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы күдікті анықталды. Ол кеңсеге еркін кіріп, үстел үстінде жатқан құны 100 мың теңге тұратын ұялы телефонды жасырын алып кеткен. Белгілі болғандай, күдікті жұмысқа орналасу мақсатында келіп, әкімшіні күтіп отырған сәтте телефонды көріп қалып, оны қолына алған да, оқиға орнынан шығып кеткен.

Тергеу барысында ол кінәсін толық мойындады. Ұрланған телефонды сатып, ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель