USD
USD
USD

Астанада дәмхана қызметкерінің мерекелік сыйақысын ұрлап кеткен ер адам ұсталды

Астанада дәмхана қызметкерінің мерекелік сыйақысын ұрлап кеткен азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәмханадағы ұрлық
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға елордалық кафелердің бірінің қызметшісі жүгініп, белгісіз біреу оның ақшасын ұрлап әкеткені туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, мереке қарсаңында берілген сыйақыны жұмыс орнына қойып, клиентке қызмет көрсетіп келген соң ақшаның орнында жоқ екенін аңғарған.

Мән-жайды анықтауға жұмылған Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды ұстады. Белгілі болғандай, ол күндізгі уақытта оң жақ жағалауда орналасқан кафелердің біріне тамақтану үшін келген. Күдікті кафе қызметшісінің клиенттерге қызмет көрсетіп жатқан сәтін пайдаланып, кассаның жанында тұрған қолма-қол ақшаны жасырын алып, кафеден шығып, ілезде ізін суытқан.

Ер адамның қылмыс жасап жатқан сәті камераға түсіп қалған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ұсталған азаматтың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский