USD
USD
USD

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

11 қыркүйекке қараған түні Астанада бір донор бірден үш пациентке өмір сүруге мүмкіндік берді. Донорлық процесс кезінде алынған жүрек, өкпе және бауыр трансплантация кезегінде тұрған пациенттерге салынбақ. 

Донор мен дәрігерлер
Фото: Видеодан кадр/Денсаулық сақтау министрлігі

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігі хабарлап, донордың туыстарына шынайы алғысын білдірді.

«Осындай әр жағдайдың артында дәрігерлердің, реаниматологтардың, трансплантологтардың, донорлық үйлестірушілердің, санитариялық авиация мамандарының және басқа да көптеген медицина қызметкерлерінің орасан зор еңбегі тұр. Алайда ең алдымен, бұл – ең қиын сәтте отбасының қабылдаған шешімі. Денсаулық сақтау министрлігі донордың туыстарына көрсеткен батылдығы мен адамгершілігі үшін шынайы алғысын білдіреді», – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі 132 әлеуетті донор анықталып, 205 трансплантация жасалған. Ал 11 қыркүйектегі жағдай бойынша 13 мультиағзалық донорлық процесс жүргізілген.

«Бұл – артында нақты адамдар мен олардың отбасылары тұрған көрсеткіштер. Өмірін өзгерте алатын қоңырауды күн сайын асыға күтетін адамдар», – дейді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Өткен жылы бұл бағытта айтарлықтай бетбұрыс байқалып, бір жылдың ішінде 18 донорлық процесс жүргізілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есе көп. Трансплантатация саны 68-ге жетіп, үш есеге жуық артқан.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы