12 Сәуір 19:15

Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Бокс
Фото: Olympic.kz

Астанада бокстан жастар мен U-22 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді. «Beeline Arena» спорт кешенінде өтетін құрлықтық дода 25 сәуірде басталып, 8 мамырға дейін жалғасады.

Алматы, NEGE. Құрлықтық додаға Азияның 25 мемлекетінен 500-ден астам боксшы қатыспақ. Екі жас аралығында жігіттер және қыздар арасында өтетін бәсеке олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылады.

U-22 (2002-2005 ж.т. аралығы):

Жігіттер: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі. 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.

Қыздар: – 45-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.

Жастар (2006-2007 ж.т. аралығы):

Ержеткендер: – 46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, +92 келі.

Бойжеткендер: – 46-48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, +81 келі.

Жекпе-жектерді QAZSPORT телеарнасы көрсетеді деп күтілуде. Сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясының youtube арнасында да тікелей көрсетілім ұйымдастырылады. Ал финалдық айқастар 7-8 мамырға жоспарланған.

Көрермен үшін кіру тегін.

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы бұған дейін де жасөспірімдер мен жастар арасында құрлықтық чемпионаттарды ұйымдастырған. 2007 жылы Алматыда жастар арасындағы Азия чемпионаты өткен.

2013 жылы Шымкент қаласы жасөспірімдер арасындағы құрлықтық біріншілікті қабылдады. Ал 2016 жылы «Сары құрлық» чемпионаты Павлодарда өтті. Сонымен қатар, былтыр елордада жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионаты ұйымдастырылды.

Енді міне, еліміз U-22 Азия чемпионатын да қабылдайды.