Референдум Референдум
USD
USD
USD

Астанада блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты іс сотта қаралады

Астанадағы Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2025 жылдың 5 қыркүйегінде блогер Ерболат Жанәбіловке қатысты істі қарайды.

Блогер
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Уәкілетті органдардың мәліметінше, ол Instagram-дағы zhanabylov_e аккаунты арқылы заңсыз лотерея ретінде танылған автомобильдер, ақша және бағалы сыйлықтарды ұтысқа тігіп, ойын ойнатқан. Оған қатысу үшін әр адам "Zhana Busunes" ЖШС-ның "оқу дәрістеріне" деп 30 000 теңгеден ақша аударған.

Бұған дейін хабарланғандай: zhanabylov_e және elt6i аккаунттары арқылы танымал блогерлерге қатысты жанжал (Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенова) өз жалғасын табуда. Олардың бірі сотқа тартылды.

Туризм және спорт министрлігінің (МТС) баспасөз қызметі бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

«2025 жылғы 26 тамызда Е. Н. Жанәбіловке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды (лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея ойынын өткізуі) және оның адвокатының өтініші бойынша іс қарау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді», – делінген.

Қазір оқып жатыр

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады

Снежанна Имашева

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

полиция есертеді

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

баспана

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Аурухана