USD
USD
USD

Астанада бес жасар баланы ойын алаңында тоқ соқты

Астанада ойын алаңында тоқ соққан бес жасар бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Бала
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Желіде тараған ақпаратқа қарағанда, оқыс оқиға 16 тамызда А-105 көшесіндегі №11 үйдің жанындағы балалар алаңында болған. Тұрғындардың айтуынша, кабельдің бірнеше тармағы тартылған, олардың бірі балалар алаңының үстімен өткен. Оқиға болар алдындағы түні сымның ашық қалған жерінен ұшқын шыққаны байқалған.

Дәрігерлер науқастың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

«Балаға қажетті медициналық көмектің барлық көлемі көрсетіліп жатыр», – деп хабарлды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, құрылыс компаниясына кабельді тиісті талаптарға сай жүргізу және көму қажет екені бірнеше рет ескертілген.

«Осы жылдың шілде айының соңында құрылыс ұйымы өкілдерінің қатысуымен аумаққа тексеру жүргізілді. Оның барысында компания өкілдеріне аталған кабельге қатысты анықталған заңбұзушылықты жою қажеттілігі тағы да ескертіліп, құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты басқа да ескертулер айтылды», – деп нақтылады ведомство.

Осы жағдайға байланысты уәкілетті органдар қылмыстық іс қозғады. Оқиғадан кейін кабель электр желісінен ажыратылды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер