USD
USD
USD

Астанада баспана алуға көмектесемін деп тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды

Астанада баспана алуға көмектесемін деп тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы аудандық полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 32 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай, әйел ақшалай сыйақы үшін мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға тілек білдірушілерге көмектесуге уәде берген.

Белгілі болғандай, астаналық бикеш азаматтарға пәтер сатып алуға жәрдемдесетінін жеткізіп, сенімді байланыстары бар екенін айтып, жалған әңгімелерімен сенімге кірген. Бүгінгі таңда полицияға алданып қалған 4 азамат жүгінген. Жәбірленушілердің бірі оның баспана алу құжаттарын тездетеміз деген сөзіне сеніп, оған 1 миллион 750 мың теңге төлеген.

Тағы бір жағдайда әйел дәл осылайша 3 миллион теңгеге жуық шығынға батқан. Пәтерлерді алу мәселесі күмән тұдырған соң, зардап шеккендер оны күтпестен полицияға хабарласқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елордада осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда. 

Қазір оқып жатыр

Жаңаөзен әкімнің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик