Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды
Астанада №1 Қалалық балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ол ақпан айында флюорографиядан өткен кезде өкпесінен ауру белгісі табылмаған. Қазір медбике ем қабылдап жатыр.
Астана, NEGE. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медбике бұрын туберкулезбен ауырған адаммен байланыста болғандардың тізімінде болмаған. Жұмыс істеп жүрген кезде одан туберкулез белгілері байқалмаған.
Медбике соңғы рет 2026 жылдың ақпан айында флюорографиядан өткен. Сол кезде өкпесінен ауру белгісі табылмаған. Кейін денсаулығы нашарлап, сәуір айында дәрігерге қаралған. Туберкулез содан кейін анықталған.
Ол соңғы рет 24 сәуірде жұмысқа шыққан. 27 сәуірден бастап Қалалық фтизиопульмонология орталығында ем қабылдап жатыр.
Басқарма аурухана қызметкерлерінің флюорография нәтижелері қайта тексерілгенін хабарлады. Қызметкерлердің өкпесінен ауру белгісі табылмаған.
Соңғы тексеруден өткеніне алты айдан асқан 39 қызметкер қайта флюорографиядан өтті. Барлығының нәтижесі теріс шықты.
Ауруханада сақтық шаралары жүргізілген. Соңғы үш айда науқаспен байланыста болған адамдар анықталды. Төсек-жабдықтар залалсыздандырылды. Палаталар мен басқа бөлмелер күніне кемінде екі рет тазаланып, кварцталып, жиі желдетіліп жатыр.
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ