USD
USD
USD

Астанада азаматтарды 8 млн теңгеге алдап кеткен күдіктілер ұсталды

Астана полициясы азаматтарды 8 млн теңгеге сан соқтырған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Шымкент қаласының 23-26 жас аралығындағы үш тұрғынын ұстады.

Автокөлік ұтыс ойынына қатысамыз деген желеумен интернет ресурстарын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы жәбірленушілерге тиесілі қаражатты иемденген. Полиция олардың осыған ұқсас 25 оқиғаға қатысы барын анықтады.

Азаматтарға келтірілген материалдық шығын шамамен 8 миллион теңгені құраған.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың елордада бұрын жасалған осығпн ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі