USD
USD
USD

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Астанада автодилерлік компанияның сату бөлімінің менеджері 69,6 млн теңге көлемінде залал келтіргені үшін 6 жылға сотталды.

Менеджер
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл туралы қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот хабарлады. 

Сот анықтағандай, сотталушы жалған құжаттар арқылы жалпы құны 53,1 млн теңге болатын сегіз JAC J7 автокөлігін сатып, түскен ақшаны компания кассасына өткізбеген.

Бұдан бөлек 2026 жылғы қаңтарда ол тағы бір сатып алушыға осы маркадағы үш көлікті төмен бағамен сатуды ұсынып, одан 16,5 млн теңге алған. Алайда автокөліктерді бермей, ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Прокурор сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот оның кінәсін мойындап, өкінгенін, кәмелетке толмаған баласы барын және бұрын сотталмағанын ескеріп, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ ол коммерциялық ұйымдарда тауарлар мен қызметтерді сатуға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 8 жылға айырылды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны

Қанат Бозымбаев коммуналдық желілерді жаңғыртуға банктерді кеңінен тартуды тапсырды

Қанат Бозымбаев

Келер жылы 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан кімдер қағылуы мүмкін?

Ақша

СҚО-да екі КамАЗ бен үш жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты

Жедел жәрдем