USD
USD
USD

Астанада әуе рейстері кешігіп жатыр

Бұл туралы Астана халықаралық әуежайы мәлімдеді. 

Әуе рейстері
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Астанада ұшуға қолайсыз ауа райына байланысты әуе рейстері кешігіп жатыр.  

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, қазіргі уақытта ұшуға жоспарланған 84 рейстің 6-ы, әуе кемелерінің кеш келуіне байланысты, кейінге қалдырылды.

Ұшып келуге жоспарланған 86 рейстің 8-і дәл осы себеппен кешіктірілді.

Бұл ретте әуежайдың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғандығы атап өтілді.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында перрон мен ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстары үнемі жүргізіледі. Әуеайлақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 23 дана мамандандырылған техника пайдаланылады.

Жолаушылар рейстердің күйін және кестедегі ықтимал өзгерістерді төмендегі жолдар арқылы тексере алады:

  • Авиакомпаниялардан
  • Әуежайдың ресми сайтынан: www.nn-airport.kz
  • Тәулік бойы жұмыс істейтін әуежайдың байланыс орталығы бойынша: 8 (7172) 702-999

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.