Референдум Референдум
USD
USD
USD

Астанада «Ару Ана» республикалық үздік жобалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Ару Ана» республикалық үздік жобалар байқауының жеңімпаздарымен кездесті.

Ару Ана
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Байқау 2023 жылдан бастап Ұлттық комиссияның қолдауымен үздік идеялар мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын әйел көшбасшыларды қолдау, біріктіру және алға жетелеу мақсатында өткізіліп келеді.

Қазақстанның барлық өңірінен байқауға 260 жоба ұсынылды. Олардың 20-сы отбасы институтын, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін қолдауға, балалар құқықтарын қорғауға, инклюзивті қоғамды, креативті индустрияларды, IT, агробизнесті және қайырымдылықты дамытуға бағытталған үздік жоба деп танылды.

Аида Балаева Мемлекет басшысы атап өткен әйелдің қоғам өміріндегі, болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөлін айта келе, байқаудың 14 жеңімпазына сыйлықтар табыстады.

Ұлттық комиссия төрағасы бұл жобалар Қазақстанның дамуына ықпал ететініне сенім білдірді. Үздік жобалардың қатарында әйелдер кәсіпкерлігі, инклюзивті қоғамды дамыту, инновациялар, креативті индустриялар, отбасылық тәрбие, қайырымдылық жобалары бар.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов